29 маусымдағы түскі саудада доллар күрт көтерілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,70 теңгеге көтеріліп, 454,13 теңгені құрағанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,37 теңгені (+0,07) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк 492,74 теңге, рубльді 5,3 теңге деп белгіледі.
Ал, 29 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 0,54%-ға арзандап, барреліне 73,84 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының тамыз айындағы фьючерстері 0,49%-ға арзандап, барреліне 69,22 долларды құрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript