26 қаңтардағы саудада доллар күрт көтерілді

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2024 16:29 Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,41 теңгеге көтеріліп, 449,74 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 62,43 теңгеге (+0,22) дейін көтерілді.

Ұлттық банк еуро бағамын 485,91 теңге, рубльді 5,03 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448,5-450,3 теңгеге, еуро 487-490,5 теңгеге, ресей рублі 4,97-5,07 теңгеге сатылуда.

Ал 26 қаңтардағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,44%-ға арзандап, барреліне 82,07 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,75%-ға төмендеп, барреліне 76,78 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: