Қазақстанда цифрлық майнинг үшін электр энергиясын өндіруге газдың шекті бағасы бекітілді
Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық өндірумен айналысатын тұлғаларға сатуға арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, ең қымбат газ Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысында төленеді – ҚҚС-сыз 1000 текше метр үшін 53 254 теңге.
Ең азы – Шығыс Қазақстан облысында – ҚҚС-сыз 1 мың текше метрге 9076 теңге.
- Астанада газ құны 43 361 теңгені құрайды;
- Шымкент қаласында – 49 390 теңге;
- Қарағанды облысы бойынша – 43 361 теңге;
- Атырау облысында – 13 712 теңге;
- Батыс Қазақстан облысында – 18 078 теңге;
- Ақмола облысы бойынша – 43 361 теңге;
- Жамбылда – 49 055 теңге;
- Қостанай облысында – 40 353 теңге;
- Қызылорда облысы бойынша – 35 017 теңге;
- Маңғыстау облысы бойынша – 21 961 теңге;
- Түркістан облысында – 49 390 теңге.
Бұйрық 2023 жылдың 30 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript