"МАЭК"-тегі апаттың себебі және жөндеу жұмыстары қашан қолға алынатындығы белгілі болды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 21:07 Сурет: "МАЭК" ЖШС
"МАЭК" ЖШС баспасөз қызметі Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 3 шілдеде сағат 17:31-де ЖЭС-тегі қазандыққа келетін токтың күрт артуына байланысты №1 блок жұмысын тоқтатқанын хабарлайды.

"Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының тұтынушылары (халқы) үшін электр энергиясына қатысты ешқандай шектеулер жоқ", делінген хабарламада. 

Сондай-ақ жөндеу жұмыстары № 1 энергетикалық блогының суығаннан кейін мүмкін екендігі, ал бұл бір тәуліктен астам уақытты қамтитыны, яғни 5 шілдеде сағат 00.00 шамасында оның қолға алынатыны да нақтыланады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: