"МАЭК" №3 энергоблогында жөндеу жұмыстары аяқталды
Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
"МАЭК" ЖШС ЖЭС №3 энергоблогында жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыс барысында генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделді.
"Оқшаулау өлшемі оң нәтиже көрсеткен соң щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Одан соң энергоблокты іске қосуға дайындық жұмыстары жасалды. Жөндеу жұмыстары үзіліссіз тәулік бойы жүргізілді". Маңғыстау облысының әкімдігі
Энергоблок 19 тамызда іске қосылды. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша мұнай және өнеркәсіп секторын қоса алғанда электр энергиясын берудегі барлық шектеу алынып тасталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript