МАЭК энергоблогы қалпына келтірілді
Жөндеу 4 шілдеде энергоблок қазандығы біраз уақыт суытылып тұрған соң сағат 21:50-де басталды. Жұмыс тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді.
Кәсіпорынның қызметкерлері оқиға болған сәттен бастап энергоблок қазандығындағы жөндеу жұмыстарын тезірек қолға алып, қалпына келтіруге жұмылды. МАЭК мамандарының уақытында жедел іс-қимыл жасауының арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келтірілген жоқ. Соның нәтижесінде, облыс орталығы мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 3 шілдеде сағат 17:31-де қазандыққа беріліп тұрған тоқ деңгейінің күрт өсуіне байланысты «МАЭК» ЖШС ЖЭС №1 энергоблогі мәжбүрлі түрде тоқтады.
Жөндеу арнайы жасақталған кесте бойынша жүргізілді, дегенмен жұмыстар жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды.