"Барахолкадағы" өрт толығымен сөндірілді
Сурет: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Бүгін, 9 шілдеде түскі сағат 12 шамасында Алматыда ""Кенжехан-2" киім базары аумағындағы қоймалардың бірі отқа оранып, ондағы өрт сағат 12-52-де оқшауланған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оқиға орнында бірден жедел штаб құрылып, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды. Көрші тұрған контейнерлерге оттың ұласпасы үшін өрт оқпандары іске қосылды. Тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймалардың, көптеген көліктің жүктемесі барына, базар аумағындағы адамдардың болуына қарамастан өрт сағат 14:05-те толықтай сөндірілді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД және қалалық қызметтердің күштері мен құралдары тарапынан 74 адам, 20 техника жұмылдырылды.
Айта кетсек, алдында Алматыдағы барахолка базарынан тағы өрт шыққаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript