Шемонаихадағы алапат өрт толығымен сөндірілді

Өрт, Шемонаиха, жүк көліктері гаражы, шаруа қожалығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 21:15 Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО-да шаруа қожалығы аумағындағы жүк көліктеріне арналған гараждан шыққан өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сағат 21:02-де толығымен сөндірілді. Қызыл жалын шарпыған аудан 300 шаршы метрді құрады.

Бұған дейін Шемонаиха ауданында өрт сөндірушілер мен қожалық қызметкерлері Жуков көшесіндегі шаруа қожалығының аумағындағы өртпен күресіп жатқаны хабарланған болатын. Гаражда шамамен 40 тоннағы жуық күнбағыс тұқымы мен 30 тоннаға жуық бидай уақытша сақтаулы болғаны нақтыланған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: