Алматы облысында түсте басталған алапат өрт толығымен сөндірілді

Өрт, Алматы облысы, Жаңалық ауылы, зауыт, доңғалақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2025 18:42 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы облысында 2025 жылы 15 наурызда түсте басталып, сағат 17-00 шамасында ауыздықталған алапат өрт толығымен сөндірілді. Қызыл жалын ораған нысан дөңгелек шығаратын зауыт емес, резеңке бұйымдарын өңдейтін цех болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ТЖМ күштерімен өрт 500 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Нақтыланған мәліметтер бойынша, Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылының жол бойында резеңке бұйымдарын өңдейтін ЖШС аумағының сыртында жиналған дөңгелектердің жануы орын алды. Оқиға орнында анықтаушылар мен өрт сынақ зертханасы жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі анықталуда". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы облысында дөңгелек шығаратын зауытта өрт болып жатқаны хабарланған. Сағат 17-00 шамасында алапат өрттің ауыздықталғаны, оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өзі де жүргені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: