Алматы облысында дөңгелек шығаратын зауыттағы өрт ауыздықталды

Өрт, Алматы облысы, Жаңалық ауылы, зауыт, доңғалақ, Талғар ауданы, Шыңғыс Әрінов, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2025 17:13 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылы 15 наурызда Алматы облысында доңғалақ шығаратын зауыттағы алапат өрт орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өзі де жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта өрт оқшауланды, от шалған аумақтың ауданы анықталуда. 

"ҚР ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов өртті сөндіру жұмыстарын тікелей үйлестіріп басқаруда. Ол Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашу үшін іс-сапармен келген", - дейді құзырлы ведомство.

Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД-ның 12 бірлік техникасы және жеке құрамнан 37 адам жұмылдырылды.

Бұған дейін Алматы облысында алапат өрт болып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Будақтаған қара түтін алыстан бірден көзге шалынады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: