Шемонаихада 40 тоннаға жуық күнбағыс тұқымы мен 30 тонна бидай өртеніп кете жаздады
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Шемонаиха ауданында өрт сөндірушілер мен қожалық қызметкерлері Жуков көшесіндегі шаруа қожалығы территориясындағы жүк көліктеріне арналған гараждағы алапат өртпен алысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, гаражда 40 тоннаға жуық күнбағыс тұқымы мен 30 тоннаға жуық бидай уақытша сақтаулы болған.
"300 шаршы метр аумақты жалмаған өрт оқшауланды. Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамынан 8 адам және 3 бірлік техника, сондай-ақ шаруа қожалығының 4 қызметкері және 2 бірлік техника жұмылдырылды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Бұған дейін Таразда учаскелік полиция инспекторы 6 жасар баланы өрттен құтқарғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript