Алматы облысы Балқаш ауданындағы өртті 80 адам сөндіріп жатыр
Сурет: ҚР ТЖМ
Алматы облысының Балқаш ауданында өрт сөндірушілер, орман шаруашылығы мен Іле-Балқаш табиғи резерватының қызметкерлері ірі өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 26 маусымда өрт сөндірушілер өрт аумағын 150 гектардан 120 гектарға дейін қысқарта алған. Барлығы 80 адам өртпен әлі де күресіп жатыр.
Өртті сөндіруге 34 қызметкер, 3 техника, 1 жүзу құралы мен дрон жұмылдырылған. 26 маусымда қосымша 13 адам, 2 техника және 2 мотопомпасы бар 1 жүзу құралы жіберілді. Сонымен қатар "Іле-Балқаш "РММ 25 адамы және 10 техникасы, орман шаруашылығының 8 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды".ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Іле-Балқаш табиғи резерватында ірі өрт шыққанын хабарлаған еді. Өрт 6200 гектар жерді шарпыған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript