Жамбыл облысындағы тау басындағы өртті жүзден астам адам сөндіріп жатыр
Сурет: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Жамбыл облсындағы тау басындағы өртті ТЖД жеке құрамнан 45 адам, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 30 адам, орман шаруашылығынан 30 адам сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Жамбыл облысының таулы жерінде құрғақ шөп өртенген. Қазір өрт оқшауланды, бірақ оны сөндіру жұмсытары әлі де жүріп жатыр.
"Бүгін сағат 8.38-де Жамбыл облысының Т. Рысқұлов атындағы ауданында таулы жерде тқтанған құрғақ шөп өрті оқшауланды. Өрт таудың басында болып жатыр, ауданы анықталуда", – делінген хабарламада.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамнан 45 адам мен 6 бірлік арнайы техника, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 30 адам және 5 бірлік техника, орман шаруашылығынан 30 адам және 2 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript