17 шілдеде "Болашақ" бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

Болашақ бағдарламасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2023 17:12 Сурет: bolashak.gov.kz
"Болашақ" бағдарламасына құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініштер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн қабылданады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл "Болашақ" стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауға тиіс.

Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтиже бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:

  • квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0;
  • өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0;
  • тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.

Биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратура және резидентураға 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: