5 қыркүйекте «Болашақ» бағдарламасымен жетекші ЖОО-лар мен ұйымдарда тағылымдамадан өтуге өтініш беру басталады

оқу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2022 15:31 Сурет: pexels
Өтінімдер 2022 жылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады. Биыл тағылымдама бағдарламасына 110 стипендия бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы тағылымдамадан өтуге қызметкерлердің келесі санаттары бекітілген: инженерлік-техникалық қызметкерлер, медициналық қызметкерлер, мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге арналған басым мамандықтардың тізімі 158 мамандықты көздейді.

Айта кетейік, тағылымдамадан өтетін стипендиаттар кепілге мүлік ұсынбайды. Міндеттемелерді орындау үшін екі гарант ұсыну ғана жеткілікті. Гарант ретінде кейінгі 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі ҚР азаматтары бола алады.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлердің кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуға тиіс. Соның ішінде кейінгі 12 ай бойы таңдаған мамандық бойынша жұмыс істеуге тиіс. Сонымен қатар тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымнан шақыру, деңгейі кемінде В1 ҚАЗТЕСТ сертификатының болуы міндетті.

«Ғалымдар» санаты бойынша тағылымдамадан өту үшін өтінімдерді қабылдау мен конкурстық іріктеу бөлек жүргізіледі. Өту мерзімдері туралы қосымша хабарланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: