Бақытгүл Хаменова жемқорлық айыбымен ұсталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2021 20:35 Сурет: telegram/yyedilov
Ол 2020 жылдың 13 наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова жемқорлық айыбымен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Nege.kz бұл ақпаратты белгілі блогер Ербол Еділов Телеграм каналында жазғанын хабарлайды.

«Кейбір деректерге қарағанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевті 4,5 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстаған. Ақпарат көздерінің мәліметінше, Абай ескерткішін орнатуға арналған 150 млн теңгелік тендер кері қайтарылған. Бұл бірінші транш 15 миллиондық (10%) болды», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың 13 наурыз күні Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: