Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды

Жамбыл облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2021 15:57 Жамбыл облысы әкімдігі
Марқұм 2020 жылдың мамырында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек дүниеден озды. Қаралы хабарды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлан Жазылбек 1962 жылы туған. Ол Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер -құрылысшы мамандығы бойынша, сонымен қатар Д.Қонаев атындағы университетті құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Осы жылдар ішінде ол Алматы қаласындағы сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, Ұлттық экономика министрлігінің өңірлік даму департаментінің директоры, құрылыс индустриясын дамыту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Ұлан Жазылбек 2020 жылдың мамырында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: