Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО әкімі Ғали Есқалиев: 2025 жылы ауыл халқының 100 пайызын сумен қамтамасыз етеміз

Сумен қамтамасыз ету, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2022 11:06 Сурет: pixabay
Бүгін үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев облыстың даму жоспарын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық құрылымдық кешенді жоспары жасалды. Жоспарда 116 шара болып отыр, оларды жүзеге асыру үшін 2,6 трлн теңге керек. Аталған қаражаттың 80 пайызға жуығы жеке бизнес есебінен және мемлекеттік жекешелік әріптестік тетігі арқылы тартылады деп болжап отырмыз. БҚО әкімі Ғали Есқалиев

Облыс әкімінің сөзінше, бірінші аймақты тауарлық газбен қамтамасыз ету реттеледі. Сондай-ақ, маңызды мәселелердің бірі электр желілері мен автомобиль жолдарын жөндеу алға қойылғанын атап өтті.

Әкім "алдағы жылдары ауылды толық сумен қамтамасыз етеміз" деп отыр.

Тұрғын үй саласында 3 млн шаршы метр жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Облыс аудандарында сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау болады. Бұл 2025 жылдың соңына қарай ауыл халқының 100 пайызын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал ауыл шаруашылығының қолдау көлемін ұлғайту мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысы Қазақстанның бірнеше өңірін сапалы етпен қамтамасыз етіп отырғанын айта кетейік.БҚО әкімі Ғали Есқалиев

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы да кенжелеп қалмайды.

Әлеуметтік саланы дамыту мақсатында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана, кардио-орталық корпусы, ауылдарда 42 модульдік медициналық нысан, 74 жаңа мектеп, 150 орынды мүгедектерді оңалту орталығы, 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Тұтастай алғанда, кешенді жоспар 4 жыл ішінде, 38 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрады және өңір тұрғындарының көптеген әлеуметтік проблемаларын шешеді деп болжап отырмыз.БҚО әкімі Ғали Есқалиев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: