Жаңалықтар тізбегі
0

COVID-19-пен күрес: БҚО әкімі шектеу шараларын жыл соңына дейін ұзартуды бұйырды

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2021 21:53 gov.kz
Жиында облыс басшысы Ғали Есқалиев екі мәселе шешімін алға тартты. Біріншісі - жыл соңына дейін карантиндік шектеу шараларын сақтау. Екіншісі - халықты вакцинациялау.

Батыс Қазақстан облысында жаңа жылдық мереке күндерінен кейін коронавирусқа шалдығушылардың саны күрт артқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыған байланысты облыс әкімінің төрағалығымен жедел штабтың отырысы өтті.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басталғалы, яғни 1-18 қаңтар аралығында СOVID-19 індетін өңірдегі 764 тұрғын жұқтырған. Олардың 373-сі ЖРВИ белгілері бойынша емханаға қаралғанда, 200-і науқастармен қарым-қатынаста болғандарды тексергенде анықталса, қалғандары профилактикалық тексеріс нәтижесінде белгілі болған. Облыстағы Бәйтерек, Жәнібек аудандары "қызыл" аймаққа еніп, бұл аудандарда індеттің өршуіне байланысты қарантин талаптары күшейтілген.

Жиында облыс басшысы Ғали Есқалиев екі мәселе шешімін алға тартты. Біріншісі - жыл соңына дейін карантиндік шектеу шараларын сақтау. Екіншісі - халықты вакцинациялау.

Облыс бойынша енгізілген жаңа шектеу шаралары 21 қаңтарда өз күшіне енеді.

Өңірде эпидахуал тұрақсыз. Қазір коронавирус симптомдары бар науқастар саны күн санап артуда. Індетті жұқтырғандардың дені жұмыс жасайтындар, зейнеткерлер, сондай-ақ облыста 14 жасқа дейінгі 44 бала індет жұқтырған. Бірінші қаңтардан бастап тұрғындарға 33095 ПТР талдама жасалды. 158 мониторингтік топ құрылып, жұмыс жасап жатыр, оның 20-сы Орал қаласында, 138-і аудандарда. Олар жыл басталғалы 220 рейд жүргізіп, 2637 нысанды тексерді. Жәнібек ауданының Борсы, Ақжайық ауданының Қабыршақты, Чапаев, Жаңабұлақ ауылдық елді мекендерінде карантиндік талаптар күшейтілді. Тұрғындар індетті той-томалақ ұйымдастырып, көпшілік орындарға барып, сондай-ақ аутобуста, жұмыста жұқтыруда. Жалпы облысымыз "сары" аймақтың шегінде тұр. "Қызыл" аймаққа да ену қаупі басым, - деді деді облыстың бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтың айтуынша, облыста 7 жұқпалы аурулар ауруханасы жұмыс істеп тұр. Оның екеуі облыс орталығында – облыстық көпбейінді аурухана, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы және Бөрлі, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Бәйтерек аудандық ауруханаларында КВИ бойынша науқастарды қабылдап, емдеу шаралары жүргізілмек. Сондай-ақ оларда 62 реанимациялық орын жасақталған. Бүгінде "Жедел жәрдем" қызметінен бөлек, емханалар жанынан 124 мобильді бригада жұмыс істеуде. Олар ЖРВИ белгілері бойынша шақырған адамдардан СOVID-19 індеті бойынша талдамалар да алады.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды сапалы жүзеге асыру бойынша барлық шараларды қолға алуды, қауіпті аймақтардан келетін адамдарды бақылауды күшейтуді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: