Елордада қиылыстардың бірі жыл соңына дейін жабылады, енді біріне уақытша шектеу енгізіледі

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2026 13:27 Фото: Zakon.kz
Астана әкімдігі Әл-Фараби даңғылында екі қиылыстың уақытша жабылатындығы жайлы ескертті. Олардың бірі жыл соңына дейін жабық болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, "Тәуелсіздік даңғылын (Әл-Фараби) жалғастыру құрылысы" жобасын іске асыру аясында 25 мамырдан бастап жылдың соңына дейін Әл-Фараби даңғылы мен Ф. Оңғарсынова көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Көлік құралдарының бұрылуы Әл-Фараби даңғылы бойымен, сондай-ақ Ф. Оңғарсынова көшесі бойымен аталған қиылысына дейін орындалады.

"Бұдан бөлек, осы жылдың 14 мамырынан бастап Әл-Фараби даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында қозғалыс уақытша жабылады. Бұл учаске құрылыс аймағы болып саналады және қазіргі уақытта асфальт төсемі жоқ, сондықтан көлік қозғалысы қарқыны төмен. Осыған байланысты көлік құралдарының бұрылуы да аталған қиылысына дейін ұйымдастырылады",- деп мәлімдеді әкімдік.

Жүк көліктерінің өтуі қамтамасыз етіледі, алайда жұмыстардың жекелеген кезеңдерінде оның уақытша шектелуі мүмкін.

Сурет: Астана әкімдігі

Бұл ретте, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды қолдану сұралды.

Бұған дейін Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: