Ақтөбеге жақын ауыл-аймақтың тұрмысы оңала ма
Суерт: pixabay
Бүгін үкімет отырысында еліміздің батысындағы 4 облысты дамытудың кешенді жоспары қабылданды. Отырыста сөз алған Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірде атқарылатын жұмыс жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысының экономикалық дамуының 2022-2025 жылға арналған кешенді жоспары 6 бағытты қамтитынын тілге тиек етті.
Кешенді жоспар 1,7 триллион теңге болатын 6 бағыт бойынша 92 тармақты іске асыруды көздейді. Кешенді жоспардың жаңа жобасына халықтың әлеуметтік осал топтарына, көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй салу, денсаулық сақтау, білім беру объектілерінің құрылысын салу сияқты әлеуметтік жобалар қосылды. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин
Бұдан бөлек өңірде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған.
Мысалы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту бөлігінде жалпы құны 600 млрд теңгеге жел электр станциясын және титан цирконий кендерін қайта өңдейтін таукен байыту кешенін салу, сондай-ақ өңдеу саласына баса назар аудара отырып басқа да маңызды жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Бұдан басқа шетелдік инвесторларды тарта отырып, өңірде ерекше индустриялық аймақ құру жоспарланған. Оның аумағындағы кәсіпорындардың 70%-ы экспортқа бағытталатын болады. Мультипликативті әсері 20 мыңнан астам жұмыс орындарын құру және 1,5 триллион теңгеге дейін инвестиция тарту болып табылады. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин
Облыстың аграрлық әлеуеті зор. Осыған орай алдағы уақытта құс фабрикасы мен мал бордақылау алаңдарын құру ісі қолға алынбақ.
Атап айтқанда, құс фабрикасының құрылысы, 2 мың бас ірі қараға арналған 2 бордақылау алаңы, 800 бас ірі қара малға арналған сүт тауар фермасы және тағы да басқа. Нәтижесінде, кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 1,2 триллион теңгеге инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин
Әкім Жем өзенінің арнасын тазарту кезек күттірмейтін іс екенін атап өтті. Осы сынды экологиялық мәселелер назардан тыс қалмаған. Ал ауыл-аймақтың жағдайын оңалту үшін ауқымды жұмыстар атқарылмақ.
Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізімен өтетін Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ – Ұлғайсын автожолын қайта жаңарту, 4 жолақ қылу, бірінші категорияға қайта ауыстыру, сонымен қатар 60 млрд теңгеге жергілікті автожолдардың құрылысын жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Оған қоса 85 ауылды газбен, 33 ауылды сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының 10 мыңнан аса учаскесіне коммуникация желілерін тарту жұмыстары жүргізілмек. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript