Елорда тұрғындары аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің тұжырымдамасын талқылауда
Абаттандыру маусымы басталысымен жөндеу жұмыстарына кірісу үшін қазірдің өзінде қала тұрғындарымен кездесулер өткізуде. Кездесуде әрбір адам алдағы уақытта салынатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) тұжырымдамасы бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын ұсына алады, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Жыл басынан бері аудандық әкімдіктердің бәрі Урбанистика орталығымен бірлесіп қала тұрғындарымен, оның ішінде елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізді. Мысалы, 19 қаңтарда Байқоңыр ауданының әкімі, қалалық мәслихат депутаттары ауданның белсенді тұрғындарымен кездесті, онда аула аумақтарын абаттандыру мәселелері қаралды. 29 қаңтарда Айдарлы, Құсмұрын 2, Жеті жол және К.Байсейітов көшесі 105, 107 (Сарыарқа ауданы) тұрғындарымен аула кеңістіктерін абаттандыру мәселелері талқыланды.
Сурет: astana.gov.kz
Бұл кездесулер өз тиімділігін дәлелдеп, өзара байланысты жақсартуда. Мысалы, тұрғындардың қатысуымен әзірленетін, енгізілетін және іске асырылатын «Халықтық қатысу бюджеті» жобасын алайық. Жоба аясында қала тұрғындары аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша өз идеяларын ұсына алады. «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы алғаш рет Сарыарқа ауданына енгізілді. Біз іс жүзінде жобаның бар екенін және тұрғындар оған қатысуға дайын екенін көрдік. Осы себепті «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы қаланың басқа аудандарында да енгізілді.Қалалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен
Әрбір ауданда қала тұрғындары, Урбанистика орталығының және әкімдік қызметкерлері кіретін жұмыс топтары құрылуда. Тұжырымдаманы талқылағаннан кейін жобаны іске асыру қолға алынады. Жоба мен конкурс туралы толық ақпаратты аудандық әкімдіктердің ресми сайттарынан алуға болады. (Сарыарқа ауданы негізіндегі мысал: «Халықтық қатысу бюджеті» бөлімінде).
Сурет: astana.gov.kz
Елорда әкімі Алтай Көлгінов атап өткендей, шағын аудандар мен елді мекендердің тұрғындары кездесу барысында негізінен аула аумақтары мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру мәселесін қозғайды. Осылайша, соңғы жылдары «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында елордада 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды және абаттандырылды. Қаланың оң жақ бөлігі мен елді мекендерге баса назар аударылды.
Президент абаттандыру жұмысында «Халықтық қатысу бюджетінің» үлесін арттыруды тапсырды.