Елордада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ауқымды түрде түрленеді
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау кезінде бірқатар аулаларға барып, тұрғындармен оларды одан әрі абаттандыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Біз аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді ауқымды түрде абаттандыруды ары қарай да жалғастырамыз. Мұның бәрі елорда тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді өткізуі үшін ғана емес, сол сияқты спортпен айналысуына көбірек орын болуы үшін жасалып жатыр. Алтай Көлгінов
Оның айтуынша, абаттандыру жұмысы елорданың барлық ауданында, сондай-ақ елді мекендерде де жүріп жатыр. Осыған байланысты жоспарға қала тұрғындары жүгінген, аулалары ескірген, осыған дейін бос жатқан орындар мен батпақты тұстар және т.б. учаскелер енгізіледі.
Сурет: Александр Куприенко
Қаланы аралау барысында Сейфуллин, 9, 9/1, Бөгенбай батыр, 35, Абай, 63, Тархан, 9, Пушкин, 1, 3/1, Кравцов, Целинный ш/а және өзге де мекенжайларда орналасқан аулаларға бардым. Алтай Көлгінов
Сурет: Александр Куприенко
Биыл жүргізілетін жұмыстардың көлемін ескерер болсақ, абаттандырылған аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саны 700-ге жетеді. Бұған қоса қолданыста бар аулаларға да көңіл бөлінеді.
Әкім қала тұрғындарын абаттандырылған орындарға ұқыпты қарауға шақырып, аулалардағы барлық жағдай тұрғындар үшін жасалғанын айтты.
Сурет: Александр Куприенко
Сурет: Александр Куприенко