Астана күніне орай Байқоңыр ауданында 20 аула аумағы мен үш қоғамдық кеңістік ашылды

Аула аумағы, Астана, жаңа нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2024 15:36 Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Бүгін Астана күніне орай Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған 20 аула аумағы, үш қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Абаттандырылған аула аумақтарының бірі – Ж.Тәшенев көшесі, 8, 10, 12, 12/1. Бұл аула аумағы – "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында абаттандырылды.

Нәтижесінде, 13 мың шаршы метр асфальт жабыны ауыстырылды, сондай-ақ абаттандыру барысында балалар ойын алаңқайы, спорт алаңы, workout алаңы, демалыс алаңдары және қосымша автотұрақ жайластырылды.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Аталған аула кешенінің ашылуы Астана күнімне орай салтанатты түрде аталып өтті.

Бұдан бөлек, бүгінгі мерекеде Байқоңыр ауданының басқа да аумақтарында тағы 20 аула аумағы ашылып, тұрғындар игілігіне тапсырылды.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Айта кетсек, күні кеше Астана күніне орай Байқоңыр ауданында үш қоғамдық кеңістік тұрғындар игілігіне тапсырылған болатын.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Жалпы жыл соңына дейін 117 (45 жаңа, 72 жөндеу-қалпына келтіру) аула аумағын абаттандыру жоспарланып отырса, бүгінде оның 53-інде абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: