«Қоғамдық қабылдау» тобының жұмысы қарқынды жүріп жатыр
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жалпы, 4-5 қаңтар күндері Тараз қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 1500-ден астам адам полицияға жеткізілген.
900-і түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды.
Әкімшілік жауапкершілікке 600 адам тартылған ( 175-і әкімшілік қамаққа алынса, 54-іне айыппұл салынып, 371-іне ескерту берілген). ҚР Қылмыстық кодексінің әртүрлі баптары бойынша 141 қылмыстық іс қозғалып, соттың шешімімен 85 тұлға қамауға алынған.
Аталған топ жетекшісі, «Қоғамдық қабылдау» тобының жүргізген жан-жақты жұмыстарының нәтижесінде бүгінге дейін төрт жасөсіпірім қамаудан босатылды. Бұл бағыттағы шаралар жалғасуда.
Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл облысымызға жұмыс сапары барысында уақытша ұстау изоляторында ұсталғандармен кездесулер өткізіп, жағдайларымен танысты. Олардың тарапынан зорлық-зомбылық жөнінде арыз-шағым айтылған жоқ.
Қазіргі таңда арнайы құрылған тергеу топтары тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін барлық іс бойынша ақпараттар ашық айтылатын болады.

