Жаңалықтар тізбегі
0

«Аманат» қоғамдық комиссиясының жұмысы аясында 50 адам қамаудан шықты

Елу адам босап шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 10:29 Сурет: Pixabay
Алматыда «Қаңтар трагедиясына» байланысты ұсталған тағы 8 адам бейсенбіде тергеу изоляторынан босап шыққанын «Аманат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі Абзал Құспан хабарлады. Оларға шара қамаумен байланысты емес шара түрімен алмастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан телеарнасының мәліметінше, босап шыққан адамдардың нақты кімдер екенін белсенді Уәйс Ерсайынұлы жариялады. Адвокат Абзал Құспанның бейсенбідегі мәліметінше, комиссия жұмысы аясында осымен 50 адам қамаудан шыққан. Жұмада тағы бір азаматтың шыққаны туралы хабарланды.

Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандардың азапталғаны, қарулы күштердің оқиға кезінде жаралағандарды денсаулығына қарамастан ауруханадан алып кеткені – қоғам наразылығын туғызып отыр. Ұсталғандардың азапталғанын адвокаттары мен туыстары баяндады.

Енді Азамат Батырбаевқа қатысты Абзал Құспанның жазбасынан үзінді.

Бірден басын ашып айтарымыз, Азаматты сабағандары да, қорлағандары да, азаптағандары да, үтік басып қинағандары да рас! Өз көзімізбен көрдік, өз аузынан естідік... Біздің ойымызша, бұл нағыз халыққа жасалған қастандық. Бұл әрекеттерді ол адам бейнесіндегі айуандар, Азаматқа тән жарасын жасау үшін жасаған жоқ, бұны олар халыққа жан жарасын салу үшін жасаған! Бұл Азаматты сабау емес, бұл бүкіл калың елді сабау! Бірақ, біздің пайымдауымызша, бұл осынау еліміздегі орын алған сын сағатты пайдаланып жасалып отырған нағыз диверсия, нағыз арандатушылық. Мақсат не? Біздіңше, мақсат елді ашындыру, халықтың наразылық температурасын көтеру. Әрине, бұл жазып отырғанымыз болжам ғана. Бірақ біздің осы болжамымыздың шындыққа жанасатынын дәлелдейтін бірнеше көзге ұрып тұрған мәселе бар. Комиссия облыс прокуроры алдына Азаматты босату туралы өз ұсынысын енгізді.

Ресми билік азаптау фактілері болғанын растады, жүзден аса іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Жалпы, қаңтар оқиғасы бойынша 2 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалғанын, 900-ге жуық адамның күдікті деген статуста екенін мәлімдеген.

Мемлекеттік органдар түрлі агрессиялық әрекетке барғандар, жымысқы ойы болғандар және өртеп-қиратқандар мен ұрлап-тонағандар болғанын ұмытпауды айтады. Қаскөйлер тіпті жедел жәрдем көліктеріне, өрт сөндірушілерге шабуылдады. Қолдарында қару болды.

Қоғамның айтып отырғаны – заң бұзғандарды тергемеу туралы емес, мәселе – адамды азаптамауда. Ондай жексұрын әдісті тоқтатуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: