Алматы әкімдігі шулаған жастардың видеосына қатысты пікір білдірді
Еске сала кетейік, 20 ақпан күні Алматыда Тоқтабаев пен Сүлейменов көшелерінің қиылысында жиналған бір топ адам айқайлап, қауіпсіздік қызметкерлерін ұрып-соққан. Мұны көрген тұрғындар үрейленіп, сол маңнан тезірек кетуге тырысқан. Кейіннен мұның бәрі түсірілім үшін жасалғаны айтылды.
Бұл көрініске куә болғандардың айтуынша, түсірілім туралы парақшалар бір апта бұрын пайда болған. Бірақ ол хабарландыруда жауапты тұлғалардың қолы жоқ. Түсірілім кезінде жолдар жабылмаған, патрульдік көліктер де, ұйымдастырушылар да болмаған.
Ал мұндай қорқынышты көріністі көрген халық үрейленіп кетті. Жүргізушілер жол ережесін бұзып, сол маңнан тезірек кетуге асыққан. Кейіннен продюсер Олжас Ермекбаев болған оқиғаның мән-жайын айтып, тұрғындардан кешірім сұрады. Продюсердің Zakon.kz-ке берген мәліметінше, мұндай тәртіпсіздік Алматы тұрғындарының «Қаңтар оқиғасы» кезіндегі ерлігі туралы түсірілім үшін ұйымдастырылды.
Біздің ұжым түсірілім процесіне дайындық жұмысын бір айда ұйымдастырды. Алматының мемлекеттік органдарына алдын ала хабарланды. Түсірілім басталғанға дейін, екі апта бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын хабардар ете бастадық. Хабарландырулар ілінді. Өкінішке қарай, шынайы болуы үшін Алматыдағы көшелердің бірін таңдауға тура келді. Халық арасында толқу қаупін азайту үшін демалыс күнін арнайы таңдадық және бұл процесті мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтауға тырыстық.Олжас Ермекбаев
Ал Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасы «Cultburo» ЖШС қаңтар оқиғасы туралы бейнеролик түсіруге рұқсат алмағанын мәлімдеді.
Басқарма 1 ақпанда Алматы қаласының әкіміне, Әуезов ауданының әкіміне және полиция басқармасына «Культбюро» ЖШС-нен «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша 13 ақпанда қаңтар оқиғалары туралы түсірілімге рұқсат беру өтініші келгенін айтты.
Қоғамдық даму бөлімінің мамандары осы үндеу бойынша авторларға түсіндіру жұмысын жүргізіп, түсірілімге рұқсат етілмегенін хабарлады. Осыған ұқсас бас тарту полиция департаментінен де келді. Осылай тыйым салынғанына қарамастан «Cultburo» ЖШС видеоны 20 ақпанда түсірген. Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы