Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды
«Алау» ақпараттық порталының жазуынша, қаланың жаңа басшысын Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды.
Қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды. Марат Қоныспаұлы 20 жылдан астам Қостанай облысының түрлі мемлекеттік құрылымдарында қызмет етті.Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов
Бұған дейін Қостанай қаласын Қайрат Ахметов басқарып келді. Ол қызметтен өз өтініші бойынша босатылды.
Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді.
Марат Жүндібаев 1974 жылы 26 маусымда дүниеге келген.
Білімі:
1997 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2009 жылы Халықаралық бизнес университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
1991 жылы – комбайншының көмекшісі.
1997–1998 жж – «Араке» ЖАҚ шебері.
1999–2002 жж – Жітіқара ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, меңгерушісі.
2002–2005 – Қостанай облысы әкімі аппаратының бас маманы.
2005–2008 – Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары.
2008–2010 – Қостанай қаласы әкімінің орынбасары.
2010–2011 – Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2011–2013 – Қостанай облысы облыстық білім басқармасының басшысы. 2013–2015 – Қостанай облысы, Лисаковск қаласының әкімі.
2015 – 2020 – Қостанай облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.
2020 жылғы 28 қыркүйектен бастап – Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.