Шымкентте жол жөндеу жұмыстарында кеткен олқылықтар 15 мамырға дейін жойылады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2022 14:51 Сурет: zakon.kz
Шымкентте бірнеше көшеде жоспарға сай, қыстан кейінгі жол құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, наурыз айындағы ауа райы қолайсыздығына байланысты жұмыстар уақытша тоқтаған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов 1 сәуірде елдімекендерді аралап, аталған жұмыстардың барысын тексерді.

Қазіргі таңда Қонаев, №1 автожол (Тәуке хан даңғылы жалғасы), Назарбаев, Бәйдібек би, Төлеметов, Момышұлы, А-2 айналма жолдарындағы ойық-шұңқыр жерлер қалпына келтірілуде.

Сәуір айының аяғына дейін магистралды көшелердегі барлық ойық-шұңқырлар ретке келтірілмек. Бірінші кезекте қаланың магистралды көшелері, кейіннен ішкі орам көшелерінің шұңқырлары жамалады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала басшысы жөндеу жұмыстарын жіті қадағалануын және сапалы орындалуын тапсырды.

Әкімдік мердігер ұйымдардың басшылығына белгіленген нысандарды 15 мамырға дейін қалпына келтіру үшін ескерту хаттарын жолдады. Талаптарды мерзімінде орындамаған жағдайда мердігер компанияларға мерзімі өткен әрбір күн үшін айыппұл салынады.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: