Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз қаласының әкімі Қазақстан урбанистер қауымдастығының өкілдерімен кездесті

Урбанистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2022 14:54 Сурет: Тараз қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен Q-88 Қазақстан урбанистер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өтті.

Жиында бірлестік кеңесінің төрағасы Әукенов Ерлан Мұратұлы қауымдастықтың қызметі мен жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтып, қаланың инфрақұрылымына жүргізген талдау нәтижелерімен бөлісті.

Урбанистика - қалаларды дамыту, адамдардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасау үшін қаланың кеңістігін дұрыс пайдалану туралы ілім.

Басқосуда әлемдік мегаполистерді мысалға ала отырып, қалалық инфрақұрылымды трансформациялаудың презентациялары ұсынылды.

Қаланы дамыту, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2022 14:54

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қауымдастық өкілдері қаламыздың инрақұрылымына жүргізген талдау бойынша, қоғамдық нысандардың көпшілігі (саябақтар, скверлер, аллеялар) типтік жоба бойынша жобаланғаны, нәтижесінде сәулет пен ландшафттың үйлесімділігінің төмен деңгейде екендігі, әлеуметтік кеңістіктің дұрыс қолданылмауы, веложолдардың жоқтығы, саябақтық жиһаздын тапшылығы, және талдардың бірізділігі туралы айтты. Сондай-ақ, қауымдастық сарапшылар қоғамдық нысандардың көпшілігін урбанистика және дизайн сарапшылары емес, құрылыс мамандары салғандығы байқалатындығын жеткізді.

Жиын, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2022 14:54

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Презентацияда қалада веложолдар орналастыру үшін қолайлы маршрут, скверлерді, саябақтарды жайластырудың көрнекі мысалдары, біздің климатқа қолайлы,нәтижесінде жыл бойы гүлдей беретін жасыл желектердің түрлерін таныстырды.

Ержан Жұматұлы қауымдастықтардың басқа өңірлерде іске асырған жобалараға жоғары баға беріп, биылғы жылы Таразда қоғамдық нысандарды абаттандыру бойынша бірнеше көлемді жоба жоспарланғанын атап өтіп, қауымдастық мүшелерінен жобалардың тиімді және концептуалды іске асыру мақсатында сараптамалық пікір білдіруді сұрады.

Арнайы жиын, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2022 14:54

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, кездесуге БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

Қоғам белсендісі Жанна Мамашева өз кезегінде бұл жұмыстың көлемді екенін және ең алдымен қаланың жеке құрылымын ескеру қажет екенін айтты, өйткені көптеген ғимараттар мен жолдар кеңес заманында жасалған, дегенмен мұндай жобаларды жүзеге асыру қаланы жақсартудағы тиімді шығармашылық бастама екендігін атап өтті.

Урбанистика жайлы отырыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2022 14:54

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: