Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада сенбілікке шыққандар ораулы күмәнді зат тауып алды

Сенбілік, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2022 16:25 Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Есіл өзенінің жағалауын жинау кезінде волонтерлерді үйлестірушілердің бірі салмағы 2-3 кг болатын күмәнді пакет тауып алып, оны полицияға табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ырыскелді қажы мешітінің маңындағы Есіл өзенінің жағалауын жинау кезінде волонтерлерді үйлестірушілердің бірі салмағы 2-3 кг болатын күмәнді пакет тауып алды, делінген елорда әкімдігінің сайтында.

Орама ішіндегі зат есірткіге ұқсас көрінгені айтылады.

Волонтер дереу полиция департаментінің қызметкерлеріне хабар берді. Осыдан кейін табылған заттың ішінде не барын анықтау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Экологиялық акцияның пайдасы қоршаған ортаны тазалаумен ғана емес, адам өміріне зияны тиюі мүмкін осындай заттарды табумен де маңызды. Елордамыздың волонтерлері нашақорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік мәдениетін насихаттап жүргені қуантады. Біз елордалық жастардың бәрін осыған шақырамыз. Қаланың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров

Әкімдік сенбіліктерге белсенді қатысқан қала тұрғындары мен қонақтарын күдікті заттар табылған жағдайда дереу полиция органдарына хабарлауға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: