Алматының даму жоспары қабылданды: жаңа метро стансасы, көлік жолайырықтары

Құрылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 22:39 Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
Алматы қаласының әкімшілігі қалалық метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезегін салу мәселесін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 сәуірде өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Алматы қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарының жобасы қабылданды.

Жоспар шеңберінде:

• «Қалқаман» стансасынан «Барлық» базарына дейін метрополитеннің 5,2 шақырым ұзындықтағы бірінші желісінің үшінші кезегін салу;

• Саин көшесі мен Мөңке би (Ақын Сара) көшесінің қиылысында көлік жолайрығын салу;

• қаланың сегіз ықшам ауданында ұзындығы 140,4 шақырым жол салу жоспарланған (Шапағат, Боралдай, Теректі, Рахат-Мәдениет, Шұғыла, Ақжар, Маяк, Мәдениет ықшам аудандары);

• ұзындығы 39,7 шақырым болатын 10 магистралды көшені тесіп өту (тесіп ұзарту) жүзеге асырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: