Орал қаласының әкімі болып Миржан Сатқанов тағайындалды
Сурет: Орал әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Миржан Сатқанов Орал қаласының әкімі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2000 жылы Докуз Эулул университетін (Түркия) бітірген.
Еңбек жолын Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
Осы жылдар ішінде ол:
БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасының бас маманы, бөлім басшысы және басшысының орынбасары;
БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы;
БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;
БҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Бүгінге дейін Бөрлі ауданының әкімі қызметін атқарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript