Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы белгілі болды
Қоғамдық кеңес құрамына сайлауды әрбір кандидатпен әңгімелесу ұйымдастырған жұмыс тобы өткізді.
Алматы қалалық Мәслихаты республикада алғаш рет Қоғамдық кеңеске сайлауды интерактивті түрде өткізді. Ашықтық пен транспаренттілікті қамтамасыз ету үшін Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының барлық әңгімесі мен отырысы тікелей эфирде көрсетілді. Сонымен қатар жұмыс тобының барлық отырысына және әңгімелесулерге тәуелсіз байқаушылар қатысты. Алматы қалалық Мәслихатының баспасөз қызметі
Жалпы, III шақырылымдағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы 60% - дан астамға жаңарды.
Жаңа құрамның сапалық талдауы келесідей: Қоғамдық кеңес мүшелерінің орташа жасы 11 жасқа жасарды, яғни 47 жасқа дейін. Бұрынғы шақырылыммен салыстырғанда жастар саны 5,1-ден 25,7% - ға дейін, ал әйелдердің үлесі 33,3% - ға дейін өсті. Алматы қалалық Мәслихатының баспасөз қызметі
Жалпы, кеңестің негізі ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерінен тұрады, олардың саны кеңес мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамын құрады, сондай-ақ білім беру саласы өкілдерінің үлесі артты. Бұдан басқа, Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына көп балалы аналар мен қандастар енді.
Жаңартылған құрамға барлығы 39 адам кірді, олардың 36-сы азаматтық қоғам өкілдері. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар өкілдері мүшелерінің саны 1/3 құрауы мүмкін, бұл ретте азаматтық сектор мен жұртшылық өкілдері үшін квотаны 36 адамға дейін кеңейту туралы шешім қабылданды.
Сонымен Алматы қалалық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы төмендегідей:
1.Кисиков Бекнур Сейтжанович - Қазақстан франчайзинг қауымдастығының президенті
2.Кобеева Алтынай Орманкалиевна - «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты
3.Джапаров Борис Аликенович - Қазақстан ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры (КазРЕНА)
4.Ким Вячеслав Семенович - Қазақстан корейлері Қауымдастығының басқарма мүшесі, «Жеңіс» фирмасы ЖШС директоры
5.Абдушкуров Мурат Муктарович - Ауғанстандағы соғыс және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедектері Үйлестіру кеңесінің төрағасы
6.Альжанова Аида Курмангалиевна - «Adam Damu» Еуразиялық гуманитарлық орталығы» ҚҚ төрайымы
7.Гасанов Рафаэль Руфикович - ҚР «Жастарға жол» жастарды дамыту қорының президенті, Independ.kz ақпараттық агенттіктің басшысы
8.Джепка Богдан Игоревич - Мүгедек адамдарды оңалту жөніндегі Алматы мүгедектер қоғамының мүшесі, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғайтын белсенді
9.Касымжанова Жанат Какимсеитовна - «Инновациялық технологиялар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС бас ғылыми кеңесшісі
10.Ерлан Диана - Отбасы, әйелдер істері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Kzhol «Қайырымдылық қоры» қамқоршылық кеңесінің мүшесі
11.Жумадил Арман Кабдешулы - Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан мен шектес елдердің ежелгі және ортағасырлық тарихы бөлімінің меңгерушісі, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары
12.Ким Владимир Алексеевич - «Интеркоммерц Казахстан» ЖШС Құрылтайшы дамыту жөніндегі директоры, #нетутильсбору қоғамдық қозғалысы активінің құрушысы және мүшесі, «Намыс» саяси партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың мүшесі
13.Курабаева Жанар Тукешкызы - «Фирма-Тигрохауд» ЖШС Бас директоры, бизнесвумен
14.Арупов Акимжан Арупович - Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры, «Тұран» университетінің профессоры, Қазақстан ұйғырларының қалалық этномәдени орталығы Басқарма Төрағасының кеңесшісі
15.Шибутов Марат Максумович - «Халықаралық Әлеуметтану және саясат институты» ҚҚ директорының орынбасары, саясаттанушы
16.Байсакова Зульфия Мухамедбековна - «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрайымы
17.Көпжасарұлы Ерқанат - Журналист, «31 арна» телеарнасының «Неге?» қоғамдық - саяси ток-шоуының жүргізушісі
18.Жакупов Нуржан Бауржанович - «Путь Домой» ҚҚ төрағасы, «Забота о Ближнем» ҚҚ төрағасы, «Наркостоп» жобасының кураторы
19.Камалов Бахтияр Камалович - «ҚР Ардагерлер ұйымы» РҚБ Медеу аудандық филиалының төрағасы
20.Шиманская Полина Викторовна - Журналист, блогер, ОКА, Edu Stream білім беру компаниясының баспасөз хатшысы
21.Наурызбаев Асет Кабдушович - «Solai Tech» ЖШС тең құрылтайшысы, «Алматының таза ауасы» азаматтық бастамасының модераторы
22.Нуртаев Тимур Таймасович - «Timus Development» ЖШС директоры, «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі
23.Тау Сырымбек - «Daco motors KZ» ЖШС құрылтайшысы, меценат, блогер
24.Тайтулеев Толеугали Мухамеджанович - «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» КМҚК директоры, Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті
25.Кураев Ислам Бактияр-Оглы - «Almaclub» қазақ ауызекі тіл клубының құрылтайшысы, «ASHINA MEDIA GROUP» ЖШС директоры, саясаттанушы
26.Рамазан Бекбол Батыржанұлы - Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясының проректоры
27.Рақышев Еркінбек Әбдіғаппарұлы - Қазақстандық кинорежиссер, сценарист, «Жас Ұлан» киностудиясының директоры
28.Шишигина Ольга Васильевна - Қазақстандық жеңіл атлет, Олимпиада чемпионы, жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, АОСК бастығы
29.Капасов Думан Жандосович - «Green Oi» ҚҚ жетекшісі, Қазақстан Велоқоғамының негізін қалаушы
30.Белянов Александр Петрович - Алматы қаласы Әділет департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы, «Express Autoservice» Компания президенті
31.Кожалиева Тогжан Бақытжанқызы - «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қорының атқарушы директоры
32.Масалимова Алия Рмгазиновна - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік даму жөніндегі проректоры м.а.
33.Жанысбай Талғат Сағатұлы - «Құндылықпен Тәрбие» ҚБ Төрағасы
34.Байгабулова Гульмира Масабаевна - «Urban Living» ЖШС Бас директоры, құрылтайшысы, урбанист
35.Ғазиз Қайсар Айдосұлы - Жас белсенді, жеке кәсіпкер
36.Шопшекбаева Айгуль Шопшекбаевна - Отставкадағы полиция полковнигі, ювеналды тәжірибе саласындағы танымал маман, Алматы қ. ПД ардагерлер Кеңесі Төралқасының мүшесі, Алматы қ. отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның мүшесі