12 маусым күні Алматыда веложарыс өтеді

велобелгі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2022 18:47 Сурет: Zakon.kz
12 маусымда Ұлттық ғылым академиясының жанында велоспорттан «Astana Motors Criterium» жарысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа байланысты сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Құрманғазы – Пушкин, Пушкин – Шевченко, Шевченко – Қонаев көшелерінің қиылысында жол қозғалысын жабу жоспарланып отыр.

Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала белгілеп алуды сұраймыз, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Қатысушылардың саны – 100 адам (онлайн тіркелген). Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар қатысады. UCI ережесіне сәйкес веложарысқа жолда велосипед тебе алатындар жіберіледі. Олардың велосипед формасы мен велошлемі болуға тиіс.

Веложарыс бағдарламасы:

07:00-07:50 – старттық нөмірлер мен чиптерді беру;

07:50 – көру шеңбері;

08:00 – критериумның басталуы;

09:30 – марапаттау рәсімі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: