Жетісу облысының әкімі тағайындалды
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын, делінген Ақорда жариялаған ҚР Президенті Жарлығының мәтінінде.
Бейбіт Исабаев 1972 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1985), журналист;
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (1999), халықаралық қатынастар маманы
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
Саяси ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары және этносаяси процестер" (1998).
ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі (1996);
I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл (2005)
Еңбек өтілі:
Қазақ КСР телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы (1985-1987);
Республикалық «Лениншіл Жас» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1987-1991);
«Өркен», «Горизонт» газеттерінің орынбасары, бас редакторы (1991-1994);
Қазақ мемлекеттік теледидарының бас директоры (02.1994-04.1994);
Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары (05.1994-07.1994);
Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы (07.1994-1995);
Алматы қаласы әкімінің орынбасары (1995-1997);
ҚР Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы (1997-1999);
ҚР Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры (1999-2000);
ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі (2000-05. 2002);
ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (05.2002-09.2002);
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (09.2002-12.2002);
Қазақстан Республикасының «Орталық Азия ынтымақтастығы» Ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі (12.2002-2003);
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2003-2006);
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (25.04.2006-27.02.2008);
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі (27.02.2008-19.08.2008);
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы (19.08.2008-25.06.2009);
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (07.2009-16.03.2015);
Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (16.03.2015-07.2019);
Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы (07.2019-13.01.2022)
2022 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты.