Жетісу облысының әкімі тағайындалды
Мемлекет басшысының тиісті жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.
Еңбек өтілі:
· Қазақ КСР Телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы (1985-1987);
· Республикалық «Лениншіл жас» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі (1987-1991);
· «Өркен», «Горизонт» газеттерінің орынбасары, бас редакторы (1991-1994);
· Қазақ мемлекеттік теледидарының бас директоры (02.1994-04.1994);
· Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары (05.1994-07.1994);
· Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы (07.1994-1995);
· Алматы қаласы әкімінің орынбасары (1995-1997);
· Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының студенті (1997-1999);
· Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры (1999-2000);
· Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі (2000-05.2002);
· Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (05.2002-09.2002);
· Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі (09.2002-12.2002);
· «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі (12.2002-2003);
· Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2003-2006);
· Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі бір мезгілде (25.04.2006-27.02.2008);
· Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі (27.02.2008-19.08.2008);
· Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы (19.08.2008-25.06.2009);
· Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (07.2009-16.03.2015);
· Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (16.03.2015-07.2019);
· Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің Басшысы (07.2019-13.01.2022).