Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында бірқатар кадрлық өзгеріс орын алды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2022 10:10 Сурет: Facebook/Қызылорда Облысының Әкімдігі
Қазақстанның бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов өңір басшысының бірінші орынбасары болды. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының экс-әкімі Нұрымбет Сақтағанов та Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлық тағайындау туралы ақпарат аймақ әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Серік Қожаниязов тағайындалды.Ол облыстық ауылшаруашылық және жер, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жетекшілік жасайды. Сонымен қатар, облыстың құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті сақтау жұмыстарын үйлестіреді.

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2022 10:10

Сурет: Facebook/Қызылорда Облысының Әкімдігі

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Кузбасс политехникалық институтын инженер-механик және Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда жөндеу-механикалық зауытында инженер-технолог ретінде бастаған.

  • 2001-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық даму бөлімінің меңгерушісі,

  • 2005-2007 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры,

  • 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкімі қызметтерін абыроймен атқарған.

  • 2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі.

  • 2014-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымдарын атқарды.

  • 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып қызметін,

  • 2021 жылдың қаңтар айынан осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымын абыроймен атқарды.

Министрлікте қызметте жүріп, Арал-Сырдария бассейнінде су бөлу мәселелері бойынша Орталық Азия елдерінің Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының жұмысына Қазақстан тарапынан жетекшілік жасап, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосты.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды. Ол облыстық экономика және қаржы, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық даму, мәдениет және спорт басқармаларына жетекшілік ететін болады.

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2022 10:10

Сурет: Facebook/Қызылорда Облысының Әкімдігі

Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы дүниеге келген.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттерін педагогика, заңтану, экономика мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы №172 орта мектепте мұғалім ретінде бастаған.

  • Әр жылдары мемлекеттік қызметте, соның ішінде кеден органдарында жауапты басшылық қызметтерді атқарған.

  • 2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сыртқы инвестиция көздерін жоспарлау бөлімінің бастығы, аталған министрдің кеңесшісі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Миграция комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

  • 2012-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының және Семей қаласының әкімі қызметтерін абыроймен атқарған.

  • 2021 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: