Ұлытау облысы әкімінің үш орынбасары тағайындалды
Аман Бәрікенов Жезқазған қаласында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы No7 мектеп-лицейінің түлегі. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, «Қаржы академиясы» АҚ бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және қаржылық бақылауды дамыту департаментінің сарапшысы болып бастады. Осы жылдар ішінде ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР премьер-министрінің кеңсесінде жауапты мемлекеттік қызметтерді атқарды.
2019 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Бәрікенов ҚР премьер-министрі кеңсесінің экономика бөлімінің меңгерушісі болды.
Ұлантай Үсенов Жаңаарқа өңірінде дүниеге келген. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Жаңаарқа аудандық мәслихаты аппаратының маманы болып бастады. Әр жылдары Жаңаарқа, Абай аудандарында, Сәтбаев қаласында жауапты мемлекеттік қызметтерде болды.
Үсенов 2018 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.
Абзал Жайлыбаев Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы Жаңаарқа ауданы бойынша салық комитетінде бағдарламашы болып бастады. Сол жылдары Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты мен қаржы басқармасында, сонымен қатар аудан әкімінің аппаратында түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарды.
Жайлыбаев 2021 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды.