Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстаулық оқушылар халықаралық олимпиадаларда ел намысын қорғады

Кездесу Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
22 шілдеде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары - дарынды балалармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс басшысымен кездесуге талантты оқушылар, олардың ата-аналары мен мұғалімдері қатысты.

Химия және математика пәндерінен халықаралық дәрежедегі олимпиада биыл шілде айында өтіп, оған қатысқан облысымыздың “Білім-Инновация” лицей-интернатының бес бірдей шәкірті жеңімпаз атанды.

Кездесу

Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осло қаласында өткен 63-ші халықаралық математикалық олимпиадасына әлемнің 104 мемлекетінен 600 оқушы қатысты.

Аталған олимпиадада «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы Әділет Абу қола медальді жеңіп алды.

10-18 шілде аралығында Қытай халық республикасының Тяньцзинь қаласында өткен халықаралық химия олимпиадасында күміс медальді Ақтау қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің 11 сынып оқушысы Санжар Нұрғалиев иеленді.

Кездесу

Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ Ресейдің Якутск қаласында қашықтық форматында өткен математика, химия, физика және информатика пәндері бойынша «Туймаада» халықаралық олимпиадасына қатысқан аталған оқу орнының 10-сынып оқушылары Әліби Мұғалім мен Әділжан Молдағұл күміс медаль және 8-сынып оқушысы Нұрқожа Омарбаев қола медальді иеленді.

Облыс әкімімен кездесу

Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Нұрлан Ноғаев олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, бұл жеңісте ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің зор екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру деңгейін арттыру бойынша бақылауды күшейту, сондай-ақ дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Сіздер осындай нәтижелерге үлкен еңбекпен қол жеткіздіңіздер. Болашақта сіздерді бұдан да биік белестерді бағындырады деп үміттенемін. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев

Кездесуде жеңімпаз оқушының әжесі Нағима Нұрниязова білімді шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Бата

Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кездесу соңында облыс әкімі олимпиада жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың мұғалімдері мен ата-аналарын алғыс хаттармен марапаттады және халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: