Жаңалықтар тізбегі
0

Екі жылда Шымкенттің Абай ауданындағы 9 елдімекен толықтай ауызсумен қамтылды

Аудан тұрғындарымен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 19:02 Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласы Абай ауданында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтуға бөлінген қаржы 5 жыл бұрынғымен салыстырғанда 18 есе көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, 2017 жылға қарағанда қала бюджетінен Абай ауданының аумағын сапалы электрмен қамтуға - 6 есе, газдандыруға – 50 есе, ал, абаттандыруға 9.5 есе көп қаржы бөлініп отыр. Мұның өзі жергілікті биліктің шалғай орналасқан тұрғын алаптар мен шағын аудандардың өзекті мәселелерін шешуге баса назар аударылып отырғанын көрсетеді.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Абай ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды.

Аудан тұрғындарымен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 19:02

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шаһар басшысының айтуынша, биыл 320 мың халқы бар ауданда халықты таза ауыз су және сапалы электр қуатымен қамту мәселесі 100 пайызға толығымен шешіледі екен.

Шымкенттің республикалық маңызға ие өзге қалалардан ерекшелігі – қала аумағында 81 шағын аудан мен тұрғын алап бар. Оның 41-і кезінде ауыл окруктері болып, кейіннен қала аумағына қосылған. Біз бүгінде осы елді мекендерді толық инфрақұрылым, инжинерлік-коммуникациялық желілер және әлеуметтік нысандармен қамту үшін кезең кезеңімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мәселен, бір ғана Абай ауданында 34 елді мекен болса, 2020 жылға дейін соның 10-ында орталықтандырылған ауыз су жүйесі болмаған. Өткен 2 жылдың ішінде соның 9-ына ауыз су берілді. Биыл Құрсайдағы құрылыс аяқталса, аудан 100 пайыз ауыз сумен қамтылады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 19:02

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар кездесу барысында мәлім болғанындай, Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап елді мекендеріндегі құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші де 100 пайызға жетеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Әйтенов жыл басынан бері тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, халықпен 84 кездесу өткізген. Жалпы кездесулерде қала тұрғындарынан 874 ұсыныс-пікір мен сұрақтар түсіп, оның 374-і орындалған. Тағы 316-сы жыл соңына дейін орындалады деп күтілуде. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді шешуді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізіліпті.

Әкіммен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 19:02

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 19:02

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 19:02

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: