Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысының халқы 5 жылдан бері таза ауыз суды күтіп отыр

Ауыз суға зәру халық, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2023 09:15 Сурет: pixabay
Абай облысының Аягөз ауданындағы Қопа ауылында халық 5 жылдан бері таза ауыз суды күтіп отыр. Қыруар қаржы бөлініп 2018 жылы құрылысы басталған су жүйесі әлі пайдалануға берілген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті әкімдік осы күнге дейін түрлі сылту айтып, халыққа уәде беруден аспай келеді. Әбден титықтаған тұрғындар тіпті су тартуға қажет құбырды да өздері тауып дайындап қойған. «Әкімшілікке қандай көмек керек, беруге дайынбыз. Тек тіршілік нәріне қолымыз жетсе болғаны» -дейді.

Жүйенің негізгі құбырларын құрылыс жүргізгендер қалай-болса солай жерге көміп кете барған. Тексеру нәтижесінде ол тіпті су тарту үшін арналмағандығы анықталған, деп жазады qazaqstan.tv.

"5 жыл бойы салынған мемлекеттің қаражаты, игерілген 200 млн теңге жердің астында керексіз болып жатыр. Арнайы экспертиза шақырыпты, тексеруге жіберу нәтижесінде бұл құбырлардың мүлдем жарамсыз екендігі жайлы қағаз қолымызда бар." Талғат Төлеген, Қопа ауылының тұрғыны

Аудан әкімшілігі шығын болған қаржыны өндіріп алу үшін, жұмысын шала атқарған мердігер компаниямен соттасқан. Ол арада су тарту жобасының құны да бірнеше есе қымбаттап кеткен.

"Бастапқы бағадан, 2018 жылғы бағадан 459 миллион теңгеге қымбаттап отыр. Жалпы соммасы 774 миллион теңге қаражат болады. Маусым айынан бастап әрі қарай құрылысты жалғастырып, ауа райына байланысты биылғы жылдың аяғына дейін толықтай аяқтаймыз деген жоспарымыз бар." Медет Тәтенов, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары

«Сәл ғана шыдау қалды»-деп мамандар халықты сабырға шақыруда. Сенсек, су жүйесін тарту жобасы қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп, қажет қаржы көлемі өзгертіліп жатыр. Бірақ, осыған дейін талай уәдені естіп келген қопалықтар, кезекті рет алданып қалмасақ болғаны дейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: