Жамбыл облысында ауыз су жобасы аяқсыз қалған
Алайда 3000-нан астам халқы бар ауылда айналдырған 6-ақ үйде су бар. Басым бөлігі күніне екі сағатқа берілетін суды тасып ішуге мәжбүр.
Ал бақшаларындағы баспа құдықтың суы ішуге жарамайды. Бұқара бұған салғырт қарады деп Шу ауданы әкімдігіне шүйлікті, деп жазады qazaqstan.tv.
Айтуларынша, жобаны жасаған жауаптылар су мұнарасының қуатын дұрыс есептемеген. 450 түтінді толық қамтуға күші жетпейді. Салдарынан былтыр 80%-ға аяқталған құрылысынан пайда болмай тұр.
"Су тамақ ішкенге жарамайды. Балаларға обал. Мына бөтелкенің өзі 5 литр су әкелгенге жарайды. Одан кейін бәрі мынау тотығып кетеді, суы жарамсыз ішкенге." Сапарбек Саңырақбай, Көктөбе ауылының тұрғыны
Әкімдік құны 760 млн теңге болатын жобада қателік жоқ дейді. Тек тұрғындар талап еткен соң, қосымша су мұнарасын соғуды ұйғарыпты. Сондықтан жоба осы жылға өтпелі болған. Сондай-ақ, Сауытбек ауылында да дәл осы жағдай қайталанған. Айта кетейік, аудан бойынша 35 елді мекеннің 26-сы ауыз сумен қамтылған.
"Енді нақты біз қазір мамырдың 25-іне дейін бітіруге дайындалып отырмыз." Серік Сәрсенбеков, Шу ауданы әкімінің орынбасары
Шу ауданы бойынша 76 пайыздық сумен қамтылу жағдайымыз бар. Алла қаласы биыл 9 ауыл, 4 ауылымыз өтпелі болып биыл бітіреді. Қалған 4 ауыл конкурспен биылғы жылы құрылысы басталады.