Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы қандай көшелер ішінара жабылады
Сурет: Zakon.kz
Алматыда жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6 тамызда сағат 23:00-ден 7 тамызда сағат 07:00-ге дейінгі аралықта Бөкейханов көшесінің Рысқұлов даңғылынан Серіков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сондай-ақ жол жабындысын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 7 тамызда сағат 23:00-ден 8 тамызда сағат 06:00-ге дейінгі аралықта Розыбакиев көшесінің Березовский көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript