Жаңалықтар тізбегі
0

Қаза тапқан Мәдина Ерланқызының отбасына материалдық көмек көрсетіледі

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2022 23:40 Сурет: pixabay
Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдина Ерланқызының отбасы мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Бұл тек олар үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін орны толмас қайғы. Біз бәріміз бала тірі және аман-есен табылады деп үміттенген едік. Өкінішке қарай, олай болмады. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов

Әкім іздеу жұмыстарына белсене қатысқан волонтерларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және облыс тұрғындарына алғыс білдірді.

Қостанай ауданының әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесу, материалдық көмек көрсету бойынша тапсырма берді. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов

Айта кетсек, 7 тамыз күні таңертең Қостанай облысының Жамбыл ауылында бес жасар қыз жоғалып кетті. Бала 18 және 13 жастағы өз әпкелерінің бақылауында болған. Олар таңертең оянғанда оны таппай қалған.

Бала ашығып қалмасы үшін жазық далада шарға байланған тамақ мен сусын қалдырылды. Сонымен қатар, дауыс зорайтқыштан бала жақсы көретін "Маша мен аю" мультфильміндегі ән қойылды.

8 тамызда кешке полицияға қызды жүгері алқабында көргендер бары туралы ақпарат келіп түсті. 9 тамызда таңертең полиция жедел штаб нөмірін жариялап, ол арқылы азаматтардан іс-әрекеттерді өзара үйлестіру үшін хабарласып отыру сұралды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: