Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров №41 мектеп-гимназиясында тұрғындармен кездесу өткізді

әкім кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2022 18:18 Сурет: Ақтөбе әкімдігі
Бүгін №41 мектеп-гимназиясында қала әкімі Асхат Шахаров пен Алматы ауданының әкімі Абат Көбенов Жарық (Ясное)1, 2 тұрғын алабының ,41 разъезд алабының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудан әкімі осыған дейінгі өткен кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Тұрақты кездесуден кейін қала әкімі Асхат Шахаров тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Азаматтарды қабылдауға 18 адам жазылды, олардың барлығына да заң аясында нақты жауаптар берілді.

Қазір Жарық тұрғын алабында дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу бойынша жұмысты бастау үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптама қорытындысы күтіліп жатыр. Сонымен қатар Жарық тұрғын алабында Мәдениет үйін салу бойынша да жобалық сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

Ал «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Жарық тұрғын алабында №41 мектеп аумағында жаяу жүргіншілер жолын орнату аяқталды. Сол сияқты осы бағдарлама аясында 41 разъезд және Жарық-1 тұрғын алаптарында балалардың ойын алаңы орнатылды. Сонымен қатар Абай көшесіне де балалардың ойын алаңы орнатылды.

Ақтөбе әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2022 18:18

Сурет: Ақтөбе әкімдігі

Елді мекендердің көшелеріне күрделі жөңдеу жүргізу бойынша жалпы ұзындығы 6,7 шақырымды құрайтын «Жарық-1» тұрғын алабында (Абай, М.Әуезов, Есет батыр, Қойшығұлова, Исатай батыр, Жерұйық, Мира, Шұбарқұдық және атаусыз көшелер) және 9,8 шақырымды құрайтын «Жарық-2» тұрғын алабында (Мерей, Құмсай, Құмсуат, Ақан-Сері, Сал-Сері, Ер-Қосай, Атақоныс, Шабыт, Доспамбет-Жырау, Шұғыла, Жалын және атаусыз көшелер) автомобиль жолының құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Аталған жобада асфальт жамылғысымен қоса көше жарықтандыру мен жаяу жүргінші жолдары, аялдама пункттері, суағарлар салу қаралған.

Ақтөбе, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2022 18:18

Сурет: Ақтөбе әкімдігі

Сонымен қатар 41-разъезд тұрғын алабында 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында саябақ салу жоспарланып отыр. Оны жобалаушы компания – «Каспиэлектрострой» ЖШС. Оған қоса қаржы көзінің бөлінуіне орай Жарық-1,2 және 41-разъезд тұрғын алаптарының 28 көшесін жарықтандыру жұмыс жоспарына енгізіледі.

Айта кетейік, қала әкімінің тұрғындармен кездесуі кесте бойынша жалғасып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: