Жетісу облысы Сарқан ауданының әкімі дүниеден өтті
Сурет: Талғат Қайнарбеков/Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 4 қыркүйекте Жетісу облысы Сарқан ауданының әкімі Қайнарбеков Талғат Қанатұлы 53 жасында мезгілсіз өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы хабармен Жетісу облысының әкімдігі Facebook-тегі парақшасында бөлісті.
Бүгін Cарқан ауданының әкімі Қайнарбеков Талғат Қанатұлы 53 жасында мезгілсіз өмірден озды.Талғат Қанатұлы еңбек жолында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Текелі және Қапшағай қалаларының әкімі қызметтерін атқарған. 2020 жылдың мамыр айынан Сарқан ауданын басқарды.Ол адамгершілігімен, кәсіби қасиеттерімен ерекшеленетін. Қай істің тізгінін қолына алса да өте елгезек және жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын жан еді. Қайғылы жағдайға байланысты марқұмның отбасына, туыс-туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз!, делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript