Жаңалықтар тізбегі
0

Екі облыста мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары тағайындалды

тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2022 11:27 Сурет: Қаржы министрлігі
Ақмола және Ұлытау облыстарында премьер-министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрінің өкімімен мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Ғалымжан Қалдыкөзұлы Орынов Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, - делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.

Ғалымжан  Орынов 1975 жылы Түркістаноблысында дүниеге келген. 

  • Еңбек жолын 1996 жылы салық инспекторы қызметінен бастап, 2018 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған. 

  • 2018 - 2019 жылдары -ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қаржылық қамтамасыз етубасқармасының басшысы.

  • 2019 жылдың мамырынан бастап ҚазақстанРеспубликасы Қаржы министрлігі Мемлекеттіккірістер комитеті Қызылорда облысы бойыншаМемлекеттік кірістер департаментінің басшысыболып жұмыс атқарған.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдин тағайындалды, - делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.

2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Дулат Нұрмолдинді таныстырды.

Дулат Нұрмолдин 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мәскеу ауданының Заградовка ауылында дүниеге келген.

Білімі бойынша – инженер-гидротехник, экономист, заңгер, қаржыгер. Омбы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу қаласының Қазіргі заманғы гуманитарлық институтын және Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін аяқтаған.

  • Еңбек жолын 1992 жылы салық саласында инспектордан бастаған.

  • 1999 жылдан бастап 2008 жыл аралығындағы кезеңде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық органдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды,

  • 2008 жылдан бастап 2010 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы болды,

  • 2010-2014 жылдары Ақмола облысы бойынша Салық департаментін басқарды,

  • 2014-2015 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды,

  • 2015-2019 жылдары Ақмола облысы Мәслихатының хатшысы болды,

  • 2019 жылғы мамыр айынан бастап Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

А. Бейсенбекұлы жаңа басшы алдында бірқатар нақты міндеттерді, соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі кешенді жұмысты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту бойынша шаралар қабылдау міндеттерін белгілеп берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: