Данияр Жаналинов Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР үкіметі, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 10:49 Сурет: primeminister.kz
ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімі заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.

  • 2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған;

  • 2008-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;

  • 2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды;

  • 2014-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

  • 2018-2021 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

  • 2021 жылғы тамыз айынан бастап ҚР қаржы вице-министрі болып жұмыс атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: