Жаңалықтар тізбегі
0

Данияр Жаналинов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Данияр Жаналинов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 21:46 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Жаналинов Данияр Еренғалиұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгін, 20 қыркүйекте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында облыс әкімінің орынбасары тағайындалды", делінген облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын "инженер-экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған.

  • 2002-2010 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, бөлім басшысы және департамент бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің басқарма басшысы,
  • 2014-2018 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы,
  • 2018-2021 жылдары Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.
  • 2021-2022 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі лауазымында еңбек етті. 2022 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: